Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

ҚОС БАТЫР

18.02.2020 14:06

(Жеріміз үшін шырылдаған Макс пен Талғатқа арналады)

Об этом сообщает Роспрес

Ызғарлы күн...Қос құлының сотталды,
Көзімізден жас түгілі от тамды.
Керісінше темір торға тықпайма,
Бойларында ар-намысы жоқтарды.

Көзбен көрдік жерге талас, көкпарды,
Ерлер басын көтерген соң тоқталды.
Талғат, Макс атанса да қылмыскер,
Алаш үшін нағыз батыр боп қалды.

Артық емес ақыр заман десем бұл,
Жалған жала қазақ үшін кесел құр.
Бұл жерімді қорғағандар қор болып,
Бір жерлерін қорғағандар есен жүр.

Біздің билік кешіретін тегінде,
Кешірмеді... тықты келіп темірге.
"Жерім" деген ерлеріңді соттаса,
"Елім"дейтін ерлер қалмас елімде.

Тақ басында ойлайтындар өз басын,
Қаның қайнап қайтіп арқаң қозбасын.
Қарның сипап отырғандар Талғаттың,
Анасының көрмеген бе көз жасын?!

Ана-жүрек шындық айтты, жылады,
Үкіметтен əділдікті сұрады.
Миллион жұрт көрді соны көзімен,
Оған куə миллионның құлағы.

Түк өзгермес айта-айта жақ талар,
Күн жеткенде қос батырың ақталар.
Сонда билік төмен қарап, ұялып,
Сонда халық соларменен мақтанар!

Торғайлық ақын Саят ƏБЕНОВТЫҢ туындысы

P.S: Комиссия мүшелерінен балаларына араша сұраған қос батырдың аналары...

Балаларын, жаутаңдаған ақ шашты ананың құшағында емес, өкіметтің тас қабырғадан қаланған сұрқай зындандарына негізсіз тықтыңдар!

Rinat Rafkhat

Новости