АЛМА-КЕЗЕК ДҮНИЕ
18.02.2020 14:06
(Антитезалық толғау)
Об этом сообщает Руспрес
Сен – Ұрысың!
Мен – Ұлымын!
Ұлылығым – тазамын!
Сен –
Кәззапсың!
Мен ақынмын –
Жазамын.
Сен –
Мысықсың,
Күл-қоқысқа көміп жүрген дәретін,
Мен –
Қабіршің,
Бар қояңды қазатын...
Мен өлгенде –
Гүл қояды менің жатқан жеріме,
Сен өлгенде –
Лағынет айтып, шаптырады көріңе...
Екі бірдей дүниеде тозақ оты –
Сенікі!
Шығарады Тәңір мені,
Жұмағының төріне!
Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері