Сара Кэмерон: Ашаршылыққа арқау болған – Патша үкіметінің саясаты

13.02.2020 14:53

Назарларыңызға АҚШ-тағы Мэриленд университетінің ассистент-профессоры Сара Кэмеронмен (Sarah Cameron) болған сұхбатты ұсынамыз. Тарихшы Орталық Азия қоғамы мен мәдениетін зерттеумен айналысады. Профессордың 1930-33 жылдары қазақ жерінде болған ашаршылық туралы “The Hungry Steppe: Famine, Violence and the Making of Soviet Kazakhstan” атты кітабы даярлану үстінде. Аталған еңбекте, автор қазақ халқының көшпенді өмір салтына үлкен зиян тигізген ашаршылық мәселесін зерттейді.

Об этом сообщает Роспрес

Кеңес Одағы тұсында орын алған ашаршылық мәселесі ғылыми әдебиеттерде қандай сипатта зерттелген?

Бүгінгі таңда ашаршылық тақырыбындағы зерттеулердің басым көпшілігі біржақты мемлекеттік саяси позиция тұрғысында қарастырылған. Зерттеулердің көбісі 1929-30 жылдары орын алған күштеп ұжымдастырудың салдарына тоқталады. Атап айтқанда, Мәскеудің ашаршылық алдындағы және кезіндегі саясаты оның күшейуіне немесе тоқтатылуына қалай әсер еткендігін зерттейді.

Ашаршылықты саяси мақсатта қолдануға ұмытылу да кездеседі. Ашаршылық салдарынан қаза тапқан қазақтар мен украиндықтар саны пропорционалды емес болғандықтан Сталин ашаршылықты жекелеген этностарды жазалау мақсатында пайдаланды деген пікірлер де кездеседі. Батыста Украинада болған аштықты қаншалықты дәрежеде геноцид ретінде есептеуге болады деген мәселе ұзақ уақыт бойғы талқылануда. Көбіне, бұл шетеледегі украиндықтар қауымдастығы тарапынан қолдау тауып, зерттеулер мен дискуссиялар тақырыбына айналып үлгерді.

Қазіргі таңдағы ашаршылық бойынша зерттеулердің басым көпшілігі отырықшы қоғамда болған ашаршылық түрлеріне назар аударады. Ал көшпенді қазақ қоғамында болған ашаршылық, оны салыстырмалы тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді. Кеңінен қарастырғанда, Ресей империясының отаршылдық билігінің салдары мен Кеңес Одағының саясаты ашаршылыққа қалай әсер еткендігін салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Кеңес Одағы кезіндегі қазақ жеріндегі шекаралық бақылаудың күшеюі нәтижесінен қазақтардың мал жайылымы жерлері тарылды. Бұл Кеңес Одағының ерекше болғандығын емес, Ресей патшалары тәсілін қайталағандығын көрсетеді.

Одан бөлек, Ресей империясы кезіндегі мал жайылымдарын пайдалану мен азық-түлік желісін бөлісудегі өзгерістер Кеңес Одағы кезінде кейбір топтардың ашаршылыққа қарсы тұруындағы әлсіздігін немесе кейбіреулерінің мықтылығын көрсетті

Қазақстандағы ашаршылық тақырыбын қарастыруда сіз қандай зерттелмеген тұстарға назар аудардыңыз?

Әрине, ашаршылық туралы зерттеулер аса көп. Әсіресе, қазақ тарихшылары аталған тақырыпты маңызды зерттеулермен толықтырды. Біріншіден, қазақ ашаршылғы жайлы ағылшын тілінде жазылған кітап бұған дейін жарық көрмеген. Осы арқылы менің еңбегім ашаршылық тақырбын американдық оқырмандарға таныстыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақ тарихшылары ашаршылық тақырыбына бірталай зерттеулер арнағанмен, Кеңес Одағы тарихының басқа бөліктерімен толықтай біріктірмеген. Ашаршылықтың салдарынан сол дәуірдегі Кеңес Одағының саясаты қалай өзгеріске ұшырағандығын түсіндіруге мүмкіндік бермейді. Мен өз жобамда қазақ ашаршылығын түсінуде, Украинадағы ашаршылық, кеңестік ұлттар саясаты және индустрияландыру саясаты шеңберінде бірлестіріп зерттедім.

Кеңес Одағында орын алған түрлі мәселелер батыс ғалымдары тарапынан дереу назарға алынып кейінірек әр түрлі зерттеулерге арқау болады. Не себептен Қазақстнда болған ашаршылық соншалықты кең зерттелетін тақырыптар қатарынан орын таппады?

Бұл көптеген мәселелерге байланысты. Ең алдымен қазақ ашаршылғын зерттеуге арналған қаржыландырудың болмауы. Одан бөлек, ашаршылық тақырбы зорлық-зомбылықпен, қатыгездікпен орындалғандығына қарағанда, бұл Сталиндік саясаттың қателігі мен оның дұрыс еместігінен болған трагедия ретінде сипатталады. Ашаршылықты сипаттаудағы осындай жұмсақтықтылық батыстық оқырманның осындай тақырыпты елемей өтіп кетуіне себепкер болады. Сонымен қатар, АҚШ пен КСРО арасындағы “қаурыт соғыс” кезіндегі Украина ашаршылығы кеңестік саясаттың жаман тұстарын көрсететін дискурс ретінде пайдаланылды. Нәтижесінде, ғалымдардың назары тек Украина мысалында болды. Ал қазақ ашаршылығы болса назардан тыс қалды.

Қазіргі таңда конференцияларда Украина мен Қазақстанда орын алған ашаршылықты салыстырып жүрген зерттеушілер бар. Алайда, украиндық ғалымдар көбіне Украинада болған ашаршылықты ерекшелейді, оның ерекше жауыздықпен жүзеге асқандығын сипаттайды. Меніңше, бұл шындыққа жанаспайды, себебі екі қоғамда ашаршылықтың нәтижесінен ғұламат зиян шекті. Көп жағдайда, қазақ жерінде болған ашаршылық Украинада болған ашаршылықтың салдарына қарағанда аса ғұламат. Украиндық ғалымдар өздерінің ерекшеліген айырылып қалудан сескенеді.

Қазақстан тарихшылары арасында ашаршылықты зерттеу мен түсіндірудегі айырмашылықтар бар ма?

Бұл ретте айырмашылықтар мен зерттеудегі өзгерістер кездеседі. Тоқсаныншы жылдары ашаршылық геноцид ретінде сипатталcа, қазіргі таңда ғалымдар мен ресми өкілдер ондай бағалаудан бас тартуда. Бұл көбіне, Қазақстанның Ресеймен байланысы, сонымен қатар қоғамның кейбір мүшелері Кеңес Одағын жағымды қабылдауға байланысты деп ойлаймын.

Белгілі ғалым Ханна Арендт фашизим мәселесін зерттеуде оның тарауына негіз болған жүзеге асырған жеке тұлғалар емес, жаппай жүйелік сипат алған тәсіл барынша кінәлі деп есептеді. Осы ретте, сталинизм ашаршылық мысалында қалай түсіндіріледі?

Ханна Арендт өз теориясын империялық мемлекеттерге қолданды. Сол кезеңдегі Кеңес Одағын империялық мемлекет ретінде есептмей алмаймын. Сталин дәуіріндегі Кеңес Одағы мобилизациялық күш-жұмылдырушы мемлекетке саяды. Кеңес Одағы саясатаның жүзеге асуының басты себебі көпшілік қолдау мен қатысудың болуы. Ал ондай қатысу, қарапайым халықтың күнделікті өмірінің әрбір аспектісін бақылау мен өзгертуге тырысудан байқалды. Кеңес Одағы көшпенді қазақтардың өмірін толықтай бұзуға тырысушылығы басқа империялардың саясатында байқалмайды, тіпті олар ондай мәселелерді есепке де алмайды.

Cіз Қазақстан мұрағаттарында ашаршылыққа байланысты ауқымды зерттеу жүргіздіңіз. Кеңес Одағындағы ресми өкілдер бұл оқиғаны қалай сипаттайды және онда қандай ерекшеліктер бар?

Ұзақ мезгіл бойы ашаршылық деген сөздің орнына азық-түлікпен қамтамасыз ету күрделіктері, құрғақшылық, жұт секлді атаулар қолданылып келді. Тіпті, аштықтың себебі жұт емес екендігі анық болғанның өзінде де жұт атауы қолданылды. Жағдай тым үршігіп күрделене түскенде, нақты ашаршылық екендігі анық болған тұста және Исаевтың Сталинге жазған хатынан кейін ғана аштық атауы толықтай қолданылды.

Одан басқа, ашаршылық тек сырттан келгендер тарапынан ғана белгілі бола бастады. Мысалы, Мәскеуден келген балалар комитеті немесе Голощекиннен кейін оның орнын басқан Исаевтың мәлімделмерінен кейін ғана ашаршылықтың шынайы салдары анықтала бастады.

Ресей империясының саясаты ашаршылыққа қалай әсер етті?

Патша үкіметінің көптеген шенеуініктері күткендей қазақтардың көшпенді өмір салты толығымен жойылып отырықшы шаруаға айналады деген жоспары толықтай орындалмады. Кеңес Одағының құрылу алдында қазақтар әлі де көшпенділер қатарында болды. Тарихи тұрғыда, Орталық Еуразияның көшпенділері түрлі саяси және экологиялық жағдайларға байланысты өздерінің өмір салтын соған сәйкес бейімдеген. Патша үкіметенің орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясаты жергілікті қазақтардың жүріп тұруын шектеді, Ресеймен сауда байланысын арттырды және өздерінің мал жайылымдарын жалға берілуіне әсер етті.

Өз кезегінде, бұл қазақтардың астық өнімдерін көп қолдануға әсер етті. Сонымен бірге олар бидай алып келетін ресейлік саудагерлерге тәуелді бола бастады. Одан бөлек, жергілікті халық тамақты аз пайдалана бастады. Аталған жағдай 1914-1924 жылдардағы зұламат оқиғалар Ресей империясының I дүниежүзілік соғысқа қатысуы мен азаматтық соғыстан одан әрі күрделене түсті. 1924 жылы Қазақстан Кеңес Одағының бөлігі болған тұста, қазақ экономикасы дағдарыс жағдайында, ал астық өнімділігі мен мал саны I дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңмен салыстарғанда аса төмен дегейде болды. 1929-30 жылдардың қысында бірінші бесжылдық аясында Мәскеу қазақтарға аса ірі көлемдегі астық өнімдерін тасымалдау тапсырмасын берді. Патша үкіметі кезіндегі көшпенді қазақтарға бидай маңызды өнім болып қойғандықтан, оның үлкен дәрежедегі жетіспеушілігін туғызды. Сөйтіп 1930 жылдың жазында ашаршылық басталды.

Жалпылай қарастырғанда, қазақтар арасында орын алған ашаршылық АҚШ-тың Ұлы жазығындағы немесе Аргентинаның пампастарында болған қоныс аударшылар мен жергілікті көшпенді топтар арасында болған экологиялық дағдарысқа ұқсайды. Әрбір жағдайда, еурпопалықтардың (немесе еуроамерикалықтардың) басымдығының нәтижесінде жергілікті халықтар дәстүрлі жерлері мен суға деген құқықтарынан айырылды. Экологикалық тұрақсыздық немесе аталаған екі аймақтағы мерзімді құрғақшылық пен қатты аяз өзінің экологиялық әсерін тигізді. Алайда, Қазақстан жағдайында режимнің құлауы, яғни Ресей империясының құлап орнына Кеңес Одағының құрылуы ашаршылыққа әсер еткен экономикалық тәсілдің айырмашылығын көрсетеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Новости