Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары

29.04.2020 06:35

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары

 

 

Қазақстан Республикасында Гендерлік тендік стратегиясы іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

Гендерлік саясат ұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға және әйелдер мен еркектердің өмірдің барлық салаларында тең болуы жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымбарында теңдерстірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамассыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерлеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зарлықтан еркін болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез – құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым – қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік жйне мәдени нрмаларф мен рөлдерінің жиынтығы.

2009 жылдың желтоқсан айында алғаш рет гендерлікке бағытталған заңнама – «Тұрмыс қажеттілігінекүштеуді жою», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарф мен мүмкіндіктеріне байланысты мемлекеттік кепілдеме» заңдарды қабылданды.

Басқару саласында әйелдер айтарлықтай көп. Мысалы, барлық әкімшілік мамлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің сана 55,2 пайыз. Ал жетекші қызметегі әйелдердің жөні бөлек. Олардың саны әлемдік талаптармен (30 пайыз) салыстырғанда біршама төмен екені рас. Парламент депутаттарының саны 27,1 пайызға дейін ұлғайды. Қазіргі таңда әйелдер шешім қабылдаудың жоғары деңгейінде – Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясы, өңірлердегі әкімдердің орынбасарлары басқарудың барлық сатыларында қызмет атқарады.

Бүгін де арулар араласпаған сала кемде-кем. Кезінде нәзік жандыларға «қолемес» саналған ішкі істер органдарында жыл сайын қыз-келіншектердің қатары артық келеді. Мәлесен, бүгінде ІІМ-нің орталық аппаратында әйелдердің үлес салмағы 30 пайызға жетсе, ал жалпы министірлік бойынша қызметкерлердің 10,4пайызын әйелдер құрайды екен. Қазір адамдыжынысына карап емес, қабілетіне қарай бағалайтын заман. Сондықтан қазақ әйелдер жеген құрмет тек отбасы, ошаққасы төңіргенде ұйысқан десек қателік болар еді.

Қазрдіңң өзінде әйелдер саясатқа, билікке ұмтылып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте әйелдер жүр. Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында қоғамға үн қатарын, ежет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да, білімі кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан да ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейдін аксиома. Қыз-келіншектердің еңберктегі және интелектуалдық потенциалдын билікте де пайдалану керек. Ал, гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Мемлекет басшысы тең құқықтар мет тең мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында келесі міндеттерді қойған: билік органдарында шешімдер қабылдау дейгейінде мүмкіншілігіне әйелдердің көп болуына ұмтылу, заңнаманы жетілдіру және гендерлік теңдікті қамтамассыз ету институттарын қалыптастыру, әйелдерді қорғаудың құқықтық тетіктерін қамтамассыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру және т.б.

Қоғамдық сананы түбірмен өзгерту – бір жыныстық екінші жыныстан артықшылығы емн басымдығы туралы пікірмен және гендерлік топтаурындарды түбірмен жоюмен байланысты.

Гендерлік теңдіктің жаңа моделін құру және міне-құлық түрлері құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік тендігі – бүкіл қоғам алдындағы міндет болып табылады.

 

Көкшетау қалалық сотынын

бас маман А.Өсербай

Новости