Атқару парағы
13.05.2020 10:23Атқару парағы дегеніміз – заңмен белгіленген тәртіпте соттың және де басқа да органдардың орындауына жататын юрисдикциялық деңгейдегі атқарушылық күші бар іске қатысушы тараптар мен басқа да органдар үшін міндетті болып табылатын құжаттар.
Бірінші сатыдағы соттың шешімі, егер оған шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, оған апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жіберіледі. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса немесе егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп немесе осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады.
Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдейді.
Жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді. Судья мен хатшының электрондық цирфлық қолтаңбасы қойылған электрондық атқару парағы заңдық күшке ие. Сот шешіміне жазылған атқару парағы өндіріп алушыға немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберіледіді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты түрінде жазылып берілуі мүмкін.
Азаматтар сотқа атқарушылық құжаттарды орындауға жіберу туралы арызды «Сот кабинеті» сервисінің «Сот ісін жүргізу» бөлімі арқылы электрондық құжат нысанында жібере алады. Осы жаңалықтарды іске асырудың нәтижесінде қағаз жүзінде ұсынуға кететін уақыт қысқара түсті.
Электрондық түрде ресімделетіндіктен атқарушылық құжат жоғалмайтын болады. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисінің пайдаланушылары құжаттардың орындалғаны туралы хабар алып отырады.
Көкшетау қалалық сотының
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
Булат Байкенов