Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Медиация мақсаты – бітімгершілік

22.05.2020 16:50

Медиация мақсаты – бітімгершілік

 

Медиация – дауды шешу тәсілі. Бұл тұрғыда қол жетілген табыстар баршылық. Іс барысында медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы үлкен ролге ие. Медиация дауласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін емес, дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызмет етеді.

Медиация барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даушардан бас тартуға құқылы. Медиатордың қызметін кәсіби негізде кәсіпқой медиатор, ал кәсіби емес негізде қоғамдық медиатор жүзеге асырады. Медиация тараптардың өзара келісімі бойынша қолданылады.

Негізінен азаматтық істерге қолданылатын медиацияның көздеген мақсаты – тараптардың талаптарын қанағаттандырып, ортақ, екі жаққа тиімді мәмілеге келтіру. Кез-келген шағымда, арызда, талап-арызда талас болады, сол таласты шешу барысында тараптарды бітімгершілікке шақыруды көздейтін заңның тұғыры күн өткен сайын бекіп келеді. Жаңадан қабылданған ҚР Азаматтық процестік кодексінде медиация, бітімгершілікке келу, татуласу сынды институттар кеңінен қолданылған. Жаңа кодексте егер белгілі бір істердің санаты үшін заңдар және шарттар бойынша талап қою немесе өзге де сотқа дейінгі реттеу тәртібі көзделсе, онда тек осы талап сақталған жағдайға ғана сотқа жүгінуге болатыны да баяндалған. Бұл жобада азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сот ісін жүргізуде бітістіру рәсімдерін қолдану мәселесімен қатар, соттар қызметінде ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану мәселесі де көзделген. Бір сөзбен айтқанда медиацияны кеңінен қолданысқа енгізудің тағы бір тиімділігі – дауласушы тараптар уақыттан да ұтады. Мысалы, сот шешіміне қанағаттанбаған тараптың өтініші апелляциялық және кассациялық сатыларында қайта қаралып, уақыт созылады. Ал, медиация әдісі кезінде істі қарау уақыты екі жақтың бітімге келуіне байланысты. Егер бітімгершілікке келе алмаған жағдайда сотқа жүгінуіне де болады. Жаңа Кодекске сай, бітімгершілік тек қана медиатордың қатысуымен ғана емес, сонымен қатар адвокаттар арасында дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу арқылы, тараптардың өтініші бойынша судьялардың бекітуі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Көкшетау қалалық сотының бас маманы Г.Т.Ауаририна