Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Көкшетау қалалық сотында істердің мемлекеттік тілде қаралуы

11.06.2020 10:55

Көкшетау қалалық сотында істердің мемлекеттік тілде қаралуы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы, 1-тармағында, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

2020 жылдың 4 айындағы статистикалық мәліметке жүгінсек, Көкшетау қалалық сотына 2656 арыз/талап арыз түскен (2019 жылдың 4 айында 3 563 арыз/талап арыз), 2766 (3200) іс аяқталған, оның ішінде 137 (303) іс бойынша сот бұйрығы шығарылған; 2258 (2299) іс шешім шығарумен қаралған; 124 (253) іс медиация тәртібімен қысқартылған.

2020 жылғы 4 айда мемлекеттік тілде 414 қаралған, 2019 жылы осы мерзімде 103 іс қаралған, яғни мемлекеттік тілде қаралған істердің саны артып, ол 7,2 % құраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.Осы баптың 2-тармағына сәйкес, істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Аталған мерзімде ресми тілде түскен 32 азаматтық және 2 қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі өзгертіліп, мемлекеттік тілде қаралған.

Судьялармен істерді зерделеу және істі сот талқылауына дайындау барысында мемлекеттік тілге тиісті дәрежеде мән берілуі және тараптарға іс жүргізу тілін мемлекеттік тілге ауыстыру мүмкін екендігі жөнінде түсіндірілуі қажет, себебі бұл іске қатысатын тұлғалардың конституциялық құқығын сақтайды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі арқылы халықтың сотқа деген сенімі, сот билігінің беделі артады. Осыған орай, мемлекеттік тіліміздің сот саласындағы өрісін кеңейту, оның беделін арттыру мақсатында, судьялар «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысын басшылыққа алып, қылмыстық, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау сатысында құқықбұзушының, талап-арыз берушінің тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтап, оларға іс жүргізу тілін мемлекеттік тілде жүргізу құқықтары жан-жақты түсіндірілуі қажет.

Көкшетау қалалық сотына түскен талап арыздардың басым бөлігі қалалық әкімшіліктен, әкімдер аппараттарынан, білім бөлімдерінен, қылмыстық-атқару жүйелерінен; қала бойынша мемлекеттік кіріс басқарманынан түскен.

Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік тілді тиісті деңгейде қолданбай, олардың тарапынан талап-арыздар сотқа ресми тілде жолдаулары да жоқ емес.

Осы орайда, судьялар істерді қарау кезінде іс жүргізу мемлекеттік тілге ауыстырылған жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан іс жүргiзу тiлі қағидаты сақталмаса оларға қатысты жекеше қаулы, ұйғарым шығарулары қажет.

 

Көкшетау қалалық

сотының судьясы А. Акшалова

 

 

 

Новости