Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Сот саласындағы мемлекеттік тіл мәселесі

27.07.2020 11:19

Сот саласындағы мемлекеттік тіл мәселесі

 

Көкшетау қаласының

мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Ильяс Кәкім

 

 Мемлекеттік тіл жалпы мемлекеттің негізін құраушы және жердің бастапқы иесі болып табылатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында бекітіліп көрсетілген. ҚР «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Ол біздің сот жүйесіне тікелей қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады. Қазір іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Тіл – ұлт келбеті. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама жұмыстар атқарылып, бағдарламалар жасалынып, арнайы заң қабылданғанын, Қазақстан Республикасының соттарында іс жүргізу және сот өндірісін жүргізу толығымен мемлекеттік тілде жүзеге асырылып отыр. Мемлекеттік органдармен сотқа жолданатын құжаттарда мемлекеттік тілде рәсімделіп келеді.

Беделді сот жүйесін қалыптастыру үшін әр судьяның алдында кәсіби деңгейін жүйелі түрде жоғарлату міндеті болуы тиіс. Қазақтың біртуар жазушысы Ахмет Байтұрсынов: «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тілінді құрметтете аласың» деген, өз ана тілімізді құрметтеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қазақтың қара шаңырағының астында тұрған, елім, жерім деген әрбір азаматтың борышы деп есептеймін.

 

Новости