Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Конституция – егемен Қазақстанның негізі

30.07.2020 09:13

Конституция – егемен Қазақстанның негізі

 

Сөздің қадіріне жеткен қазақ ежелден-ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып отырған, атап айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы».

Бүгінгі Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы Ата заң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата бабаларымыздың ар-мен намыстан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірді.

1995 жылдың 30 тамызы - егеменді Қазақстан тарихының маңызды күні. Осы күні – елдің мемлекеттік құрылымының моделі президенттік республика болып шешілді. Жас мемлекетті құруда ең маңыздысы саяси тұрақтылық пен қоғамның барлық салаларында жүйелі реформалар жасау. Қазақстанға президенттік басқарудағы күшті мемлекеттік билік қажет болды. Дәл осы басқару нысаны ғана тәуелсіз мемлекетті нығайтуды, экономикалық, саяси реформалар жүргізуді және елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын. Жинақталған тәжірибие де барлық билік салаларының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Президенттік институт қана Конституцияның кепілдігі бола алатынын көрсетті. Қазақстан дамудың дұрыс жолын таңдағанын қазіргі қолданыстағы конституциялық модель растап отыр.

Жаңа Конституцияның қабылдануымен қазақстандық мемлекеттілік нығайды, биліктің бөліну жүйесі құрылып, республиканың жаңа заңнамасы қалыптасты.

Конституция кез келген ел үшін - өмір заңы. Тараптың әр қайсысы Конституциямен берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтайтын болса, елде тыныштық пен саяси тұрақтылық үстемдік етеді, ел дамиды, соған сәйкес адамдардың да өмірлері жақсарады.

Конституция - еліміздің негізгі заңы ретінде егеменді Қазақстан орнатуда қоғамымыздың маңызды салаларының бастапқы қағидаларын, базалық құндылықтары мен артықшылықтарын анықтайтын, халықаралық стандарттарға қайшы келтірмей Қазақстанды әлемдік қоғамдастықпен біріктіруді қамтамасыз етуде ерекше роль атқарады.

Сот үш биліктің бір тармағы болғандықтан Конституцияның 7-бөлігі соттар және сот төрелігіне қатысты, онда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды делінген

Конституцияда және республика заңдарында көзделгендей мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың қысым жасайтын немесе құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен әрекеттерінен сот арқылы қорғануға кепілдік берілген. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Осылайша Конституция судьялардың тәуелсіздігін нығайтты.

Елде тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қалыптасқан, жылдан жылға заңның үстемдігі орнығып келеді. Қылмыстық заңдарды ізгілендіру аясында тек адамдардың өліміне әкеліп соқтыратын террорлық қылмыстар мен соғыс кезіндегі аса ауыр қылмыстарды қоспағанда, өлім жазасына мораторий жарияланды. Қазақстанның қазіргі таңында бұл ең жоғарғы жазаның толық жойылуы деп саналады. Қоғамның сот жүйесіне сенімі күннен күнге артып келеді. Бұл тек сөз жүзінде ғана емес.

Қазақстан халқы кеңес үкіметі кезеңінен кейінгі қиындықтарды жеңе білді. Елде болып жатқан өзгерістер әр азаматтың жеке бастарына да көп өзгерістер әкелді. Бүгін біздің Конституция мен заңдар тек адамдарға ғана қызмет етіп қоймай, оның шығармашылығын, жасампаздық энергиясын көтеріп, бастамашылығын ынталандырып, белсенділігін арттырады. Азаматтардың заңдарды білуі, оны құрметтеуі, бұзбауы өте маңызды. Онсыз көркейген мемлекет құру қиынға соғады.

Азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуді басты мақсат еткен Қазақстан нақты және дәйекті түрде азаматтық қоғам құру жолында келеді.

Осылайша, құқықтық мемлекеттегі сот жүйесінің рөлі ең алдымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуден тұрады.

 

 

 

Біржан сал аудандық

сотының төрайымы Г.Анарбекова