Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Айбыны асқақ Ата заң!

28.08.2020 10:26

 

Айбыны асқақ Ата заң!

 

Кез келген тәуелсіз мемлекеттің құнды құжаты Ата заңы. Санасы салтына берік қазақ халқының даласында заң болмады деу әбестік сияқты. Тәукенің жеті жарғысымен, Қасымханның қасқа жолы хандық заманның тұсында да бір тұтастығымыздың дәлелі емеспе. Төрге шыққан төрелер талай даудың басын ақыл парасатпен даналықпен шешіп дүйім жұртты бір арнаға тоғыстыра білген. Мамыра жай тірлікте тұрақтылықта болған. Бұл кешегі күннің көрінісі.

Ал бүгін тәуелсіздік алып дербес мемлекет атанған тұста елдің елдігін айқындайтын ата заңымыздың болуы басты міндеттердің бірі. Елбасымыз ел тізгінін қолға алғаннан бастап осы ата заңымыздың қадіріне аса қатты ден қоя білді. Алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп бастау алған ата заңымыз түрлі ұлт өкілдері тоғысып, тағдыры табыстырған Қазақстан мемлекетінде тұрақтылық пен жасампаздықтың жалауы адал желбіреп тұрғанын көрсетті. Бүкіл халықтың қолдауымен референдум арқылы қабылданған конституциямыз халқымызыдың береке бірлігінің символы және де заңдық тұрғыдағы құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр. Демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолында қазіргі Ата заңымыздың өміршең болатынына ешқандайда күмән жоқ сияқты. Уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тілі тегі, дініне саяси көз қарасына қарамай, тіпті қылмыскердің де құқығын қорғайтын ата заңымыз халықаралық құқық нормаларына сай келе, әлемедегі үздік елу конституцияның қатарына ілікті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өздерінің мемлекеттің сенімді қорғауында екенін сезіндірді. Сонымен қатар заңдылықты ғана емес этикалық жағынанда кепілдендірген механизм болды. Дала заңы даналықпен ұштасқан ата заңымызда мемлекетіміздің тауы түгіл тасыны да қамқорлық жазылғаны белгілі. Жахандану заманында әлемдік алпауыттар арасына қарыштап дамып Қазақстан деген мемлекет қанатын кеңге жайып қосыла бастады. Сайып келгенде сан түрлі ұлт өкілдерінің ортақ мүддесі қазақ мемлекетінің береке бірлігін нығайтып, шаңырағының шайқалмауына, мемлекет құраушы қазақ халқының қасына топтасуы ата заңымызда жазылған теңдік пен қамқорлықтың жарқын жемісі іспетті.

1993 қабылданған алғашқы конституциямызға замана ағымына сай келуі үшін 1995 жылы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Қазіргі Ата заңымыздың басты ерекшелігі жайлы Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Елбасымыздың төрт ұстанымында жатқандығын алға тартады. Ол төрт ұстаным: бірінші, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екінші, экономикалық даму, үшінші, қазақстандық патриотизм, төртінші, маңызды мәселерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу дейді.

Ия, шынымен де саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, қоғамның пікіріне құлақ асып билік пен бұқараның арасына сызат түсірмесек қана еліміздің дамуына ештеңе кедергі бола алмайды. Тәуелсіздік бұл біздің басымыздағы бағымыз, ал оның алтын діңгегі Ата заңымызға деген құрмет пен қамқорлық екені әр азаматқа парыз болуы керек.

Құрметті Шортандылықтар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Қазағымды Ел қыламын өзгелермен терезесін тең қыламын деп түн ұйқысын төрт бөліп өткен батыр бабаларымыздың аманаты Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, айбыны асқақ Ата заңымыз ғұмырлы болсын!

Ойымды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасымыздың сөзімен аяқтауды жөн көрдім. «Конституцияны қатаң ұстану - бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».

 

 

Құрметпен:

Шортанды аудандық

сотының судьясы Еркін Тәжіханұлы

Новости