Уважаемые читатели, злопыхатели, фанаты и PR-агенты просим продублировать все обращения за последние три дня на почту [email protected] . Предыдущая редакционная почта утонула в пучине безумия. Заранее спасибо, Макс

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен қызметі

22.05.2020 04:52

Тіл – тәрбие діңгегі, тіл білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттің нышаны. Бір мемлекетте бір мемлекеттік тіл өмір сүруі рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Ал рухани тұтастықтың апарар шегі – шын мәніндегі үлкен алтын әріптермен жазылатын – ТӘУЕЛСІЗДІК.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату елміз. Елбасымыздың халыққа Жолдауында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» – деп атап көрсеткен болатын. Демек, мемлекетіміздің Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге міндетті. Осы ұстаным біздің темірқазығымыз болуы тиіс.

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн болар. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақ-стандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп отыр.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы. Қоғамдық ортадағы мемлекеттік тілдің қолданылуы тілдік ортаның нығаюымен күшейеді. Ал қазақ тіліндегі қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру, мәдениет БАҚ жүйесі мен мемлекеттік тілде іс қағаздарының жүргізілуін қадағалайтын әрбір мекемедегі тіл дамыту бөлімдері мен департаменттері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік биліктің тікелей өзі болып табылады. Мерзімді және электронды БАҚ жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту іс-шараларының нәтижесі бойынша қазақ тілді ортаның өсу динамикасы жылдан жылға артып келеді, бірақ ісқағаздары мен мемлекеттік қызметтегі, жеке кәсіпкерліктегі, жеке ұйымдардағы тілдік орта түбегейлі қазақ тіліне ауысты деуге болмайды. Бүгінгі таңда көпұлтты барша қазақстандықтар мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін шынайы рухани тұрғыдан мойындап, оны құрметтеуге бет бұрды, тіпті қазақ тілін үйренуге талпыныс күшейді. Әрине, бұл қозғалыс мемлекеттік тілді дамыту стратегиясының орындалу мерзімінен әлдеқайда кеш әрі баяу жүргізілді. Бірақ Қазақстан үшін осы қадамға жету тіл саясатындағы толеранттылық, сабырлылық күшіменен жүзеге асты.

Әрине, ұлтжанды тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің туын көтеру үшін жан айқайын салып, түбегейлі қазақ тілді қоғамдық ортаны қалыптастырудың саяси да, рухани да, заңдық жолдарын көрсетіп, тіпті өзге мемлекеттердің оңтайлы тәжірибелерін негізге алып қоғамдағы тілдік ортаны күрт өзгертуді ұсынады.

Көкшетау қалалық сотының бас маманы А.Жакулина