Ана тілі- қазақтың ең қадірлі де қасиеттісі
20.08.2020 12:11Ана тілі- қазақтың ең қадірлі де қасиеттісі
Тәуелсіз елдің қадірлі де қасиеттісі-Ана тіл. Бұл ешкім де дау айта алмайтындай ақиқат. Солай дей тұра, туған тіліміздің қолдану аясын кеңейтіп, бағасын арттыруға келгенде керегеміз кейін тартып, түрлі сылтауларды өрбітіп, табандап тұрып алтынымыз да бар.
Өйткені ғасырдағы халқымыздың мақтанышына айналған Ғабит Мүсіреповтың; “Ана тілі дегеніміз- сол елді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана оны аяққа басады” – деген көрегендік сөзін алға тартсақ болар.
Жұмыс барысында тіл туралы кертартпа пиғылдар кездесе қалса Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заң мен тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бағдаршамдай алда ұстаған жөн. Сонымен қатар 2001 жылғы ақпанның 7 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 Жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бар.
Мемлекеттік тілді дамыту шаралары ұйымдастыру мен оны моральдық- материалдық жағынан ынталандыру, ең алдымен іс қағаздардың мемлекеттік тілде орындалуына, кеңес, отырыстардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса көңіл бөлу, әдістемелік көмек көрсету сияқты бір қатар іс шаралар атқарылуда. Соның нәтежиесінде бұйрықтар, нұсқаулар, нұсқамалар мәжіліс шешімдері, хат-хабарлар, кіріс-шығыс құжаттары мемлекеттік тілде орыдалуда.
«Қазақ КСР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларацияның жариялануынан бастап мемлекетіміздің Конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды. Сөйтіп, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Декларация мемлекеттік егемендігіміздің өз алдына дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы қадамы, бастау жолы болды. Бұл Декларацияның ең басты ерекшелігі тәуелсіз мемлекеттің барлық негізгі элементтерінің одан әрі қалыптасуы үшін заңдылық негіздерін нақты айқындап берді. Осы Декларация бұрын мүлдем айтылмаған егемендік құқығын заңдастыра отырып: «Қазіргі шекарасындағы Қазақ КСР – інің территориясы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды» - деп қазақ халқының ежелден ие болып келген аумағының тұтастығын, бөлінбейтінін заңдастырып берді.
XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы жеке өз алдына мемлекеттік тұрғыда біріккенде Қазақ хандығының аумағы тез арада үлкеюі де Дәшті қыпшақ, Жетісу мен Түркістан аумақтарындағы қазақи тайпалардың болуынан деп ұққанымыз жөн. Тез арада олар халқының құрамына қосылды. Мұның бәрі жер үшін, жайылым үшін ата – бабаларымыз ұзақ дәуірлер соғысып, ешкімге бермей айқындап алған жерлер болатын. Осы жерлерде көшіп қонған тайпалардың тілі де, дүние танымдары да, діні де, әдет-ғұрып, салт – дәстүрлері де, өмір сүру ережелері де бір – біріне өте ұқсас болып жетілді.
Желтоқсан күндері (1986) ел басшысы мәселесі көтерілгенде оның жергілікті ұлт өкілі болуы талабы алға тартылды. Бұл тілектің орындалуы мүмкін болмаған жағдайда ел басшысының қазақстандық болуы сұралды. Оның қазақ тілін білуі, ұлттық әдет – ғұрып, дәстүрге қанық болуы міндетті делінді. Осы талаптар Қазақстан Конституциясында (1995) толығымен көрініс тапты. Конституцияның 41 – бабының 2 – тармағында: «Республика Президенті болып туысынан республика азаматы болып табылатын отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады» - деп айқын жазылған.
Екінші бір маңызды мәселе – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы. Жер дегеніміз мемлекеттік аумақ. Оған жеңіл желпі қарауға мүлде болмайды. Жер мемлекеттік егемендік, тәуелсіздік символы.
Сондықтан да Жер Отан, туған жер, ұлттық тәуелсіздіктің тірегі деп саналады.
Ата заманнан қазақ халқы жеке меншік қайнар көзі жасамаған, «құдайдың қара жері» деп, жер мен суды жеке меншікке жатқызбаған. Сонау ежелгі дәуірлерден жер қоғам мүлкі есебінде қарап, оны баршасы иеленуге құқықты болған. Тек мемлекет басшылары – хандар қайсы рудың қайда көшіп – қонатынын белгілей алған. Жер елдіктің белгісі, асыраушы қайнар көз. Жерсіз – ел, елсіз – жер болмайды. Жерден айырылу – елдіктен айырылу деп ұққан. Сондықтан да жер тек өткінші жалған өмірдегі қоныс, оны ұжымдасып пайдалану ежелден қалыптасқан дәстүр.
Міне сондықтан да қазағымның жерімен тілінің қасиеті күмән келтіре алмаспыз. Қ.Мырзалиевтың: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген нақыл сөзінің тереңдігі терең ой қалдырылды. С.Торайғыровтың: «Қараңғы қазақ көгіне,өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам» деген ұлыларымыздың айтқан өситеттерін ұмытпай жадымызда сақтап, тілімізді қадірлейік, тіліміздің қасиетін әлемге жар салайық.
Көкшетау қалалық сотының төрағасы Р.Шақуанов